2022 жылдың 3 маусымында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында жұмыскерлер арасында «Мен – Қазақстанның патриотымын» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, құрметтеуді қалыптастыру.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен және бейнероликті көруден басталды. Жұмыскерлер үшін мемлекеттік рәміздер бойынша білімдерін тексеруге арналған викторина дайындалды. Іс-шараны ұйымдастырушы ту элементтерінің маңыздылығын, елтаңба геральдикасын және басқа да көптеген сұрақтарды қойды. Викторина қызықты өтті, жұмыскерлер белсенді қатысып, өз білімдерін тексерді.