"Кеме қатынасы тіркелімі" филиалындағы Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен ұлттық мақтанышымыздың нышандары. Осы айтулы күнге орай «Кеме қатынасы регистрі» филиалында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» атты іс-шара өтті. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәліметтер беріліп, қызметкерлер рәміздердің шығу тарихымен, авторларымен және олардың терең мағынасымен танысты. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге қатысты қызықты деректер ұсынылды.