«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

"Кеме қатынасы тіркелімі" филиалындағы Қазақстан халқының Тілдері күні.

          5 қыркүйек – ұлт ұстазы, көрнекті саяси қазақ қайраткері, ғалым және ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы ҚР Премьер-министрінің қаулысымен бұл күн Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.
          Осы күнге орай «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында «Өзге тілдің бәрін біл» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында филиал жұмыскерлері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат алып, ірі тұлғалардың тіл туралы қанатты сөздерін тыңдалды.