«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

"Кеме қатынасы тіркелімі" филиалында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара

Жаңалықтар

"Кеме қатынасы тіркелімі" филиалында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара

           Семей қаласында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онкүндік басталды. Іс-шаралар бағдарламасы 1 тамыз күні Бейбітшілік аралында этноауылдың ашылуымен және мәдени-спорттық іс-шаралардан басталды.
           Қала тұрғындары және қонақтарымен бірге «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері де осы іс-шараға тамашалап қайтты. Қонақтарға қызмет көрсету үшін этноауылда арнайы киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылған.
           Сондай-ақ бүгін Арбатта Абай туралы деректі фильмдер көрсетіледі. Мерейтой шеңберінде «Абай Quiz» республикалық ойыны, күштік экстрим бойынша ашық турнир, қазақ күресі бойынша чемпионат, халықаралық марафон, шығармашылық көрмелер және 10 тамызда орталық алаңда гала-концерт өтеді