«Кеме қатынасы тіркелімі» филиалында Қазақстан халқының тілдері күні
5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. А. Байтұрсынұлы бүкіл өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнап, ұрпақтарына қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдері күні болып жарияланды.
Бүгін «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында Қазақстан халқының тілдері күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қызметкерлер қазақ жазушы, қайраткерлердің тіл туралы пікірлерінен хабардар болды, сонымен қатар қызметкерлер «Кім жылдам?», «Полиглот», Жеті жұрттың тілін біл» сияқты түрлі ойындарға қатысты.
Іс-шара жазушы Ш. Айтматовтың «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы» деген қанатты сөзімен аяқталды.