Кәсіпорынның орталық аппаратында Қазақстан халқының тілдері күні өтті
25 сентября 2018, 15:51
569
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халықтарының тілдері күні болып жарияланды. Осы мереке аясында өз ана тіліне, отанына деген құрметті арттыру, отандас халықтардың тілі мен ділін жетік білу, ана тілімізді дәріптеу мақсатында 21 қыркүйек күні Орталық аппаратта мерекелік іс-шара өткізілді.
«Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атауымен өткен шараға қызметкерлер белсене қатысып, өзге тілдерде мәнерлеп өлең оқып, түрлі халықтың мақал-мәтелдерін қазақша-орысша тәржімалап, тілдерді меңгеру бойынша конкурстарға атсалысты. Мереке барысында қазақ классикалық әдебиеті мен кәсіпорынның тарихи мұрағатты суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Шара қатысушыларды грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттаумен қорытындыланды.