«Көлік қызметкерлері күнін» мерекелеу құрметіне орай жоғары кәсіби шеберлігі үшін, су көлігінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, еңбек қызметіне жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен қарағаны үшін «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалы бойынша:
1. Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен:
«Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен – Леонтьев Юрий Юрьевич, «Сапар» теплоходының капитаны;
Министрдің Құрмет грамотасымен – Дырин Анатолий Владимирович, жөндеу-механикалық қызметтің электр газбен дәнекерлеушісі;
Министрдің Алғыс хатымен:
- Приходкин Вячеслав Михайлович – жөндеу-механикалық қызметтің бастығы;
- Неберикутин Николай Александрович – «Иртышский-252» жер снарядының командирі;
2. Кәсіпорынның бас директорының алғыс хатымен:
- Сенин Сергей Петрович, «БТК-9» теплоходының кемелік механигі-кеме капитанының үшінші көмекшісі;
- Абдуллаева Алина Габдулгазизовна, жолды пайдалану қызметінің картографы;
- Кузьмин Игорь Олегович, «Батыр» теплоходы капитанының міндетін атқарушы;
- Кисилев Александр Юрьевич, жөндеу-механикалық қызметінің ағаш шебері.