«Көлік қызметкерлері күнін» мерекелеу құрметіне орай жоғары кәсіби шеберлігі үшін, су көлігінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, еңбек қызметіне жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен қарағаны үшін «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Іле-Балқаш филиалы бойынша:
1. Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен:
мемлекеттік награда «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен - Исаенко Данил Владимирович, «Иртыш» теплоходының капитаны;
Министрдің Алғыс хатымен - Бейсембаев Рұслан Төлегенұлы, «Самал» теплоходы капитанының аға көмекшісі-жол шебері;
2. Кәсіпорынның бас директорының алғыс хатымен:
- Гуков Михаил Валерьевич - «Самал» теплоходының капитаны;
- Ананьин Евгений Вадимович, «№1» теплоходының кемелік механигі-ауысымдағы капитаны-жол шебері;
- Сагимбекова Асель Берикболкызы, бас бухгалтер марапатталды.