«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

          «Көлік қызметкерлері күнін» мерекелеу құрметіне орай жоғары кәсіби шеберлігі үшін, су көлігінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, еңбек қызметіне жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен қарағаны үшін «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы бойынша:
          1. Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен:
          ведомстволық награда «Еңбек ардагері» медалімен - Левин Василий Михайлович, Өскемен шлюзінің бас механигі;
          мемлекеттік награда «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен - Хапов Сергей Прокопьевич, Бұқтырма шлюзі кеме өткізу қызметінің слесарь-жөндеушісі (кезекшісі);
          Министрдің Құрмет грамотасымен - Прилуцкий Евгений Павлович, филиал директорының міндетін атқарушы;
          Министрдің Алғыс хатымен - Литвинов Денис Олегович, Бұқтырма шлюзі электротехникалық қызметінің электр байланысы және сыммен тарату желілік құрылыстарының электромонтері;
          2. Кәсіпорынның бас директорының алғыс хатымен:
          - Постников Андрей Борисович, электротехникалық лабораторияның бастығы;
          - Губарева Елена Михайловна, директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары;
          - Хапов Сергей Прокопьевич, Бұқтырма шлюзі кеме өткізу қызметінің (кезекші) слесарь-жөндеушісі марапатталды.