«2019 жылы Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы учаскелерінде навигациялық жабдықтар белгілерін қою (шешу) және қызмет көрсету бойынша іс-шаралар кестесіне» сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Іле филиалы, Қапшағай қ. және Алматы облысының барлық кеме ұстаушыларына келесі учаскелерінде навигацияның ашылуы туралы хабарлайды:
1) № 1 учаскесі - Қапшағай су қоймасы – «Сыналау аймағы» тіреуі 110 км. 2019 ж. 01.04 бастап;
2) № 2 учаскесі - «Сыналау аймағы» тіреуі – «Құмды Жар» қайраңы 220 км. 2019 ж. 01.04 бастап;
3) № 3 учаскесі - «Құмды Жар» қайраңы 220 км. – «Дубунь» қайраңы 330 км. 2019 ж. 01.04 бастап.