2022 жылдың 25 тамызы күні «Қазақстан су жолдары» РМҚК Іле-Балқаш филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қарсаңында жиналыс өткізілді.Филиал директоры Л.Г. Хан жиналысқа қатысушыларды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады. «Қазақстан Конституциясы - еліміздің барлық тұрғындары үшін маңызды құжат, онда адам өмірінің барлық негізгі заңдары, сондай-ақ оның құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Тәуелсіздік, мемлекеттілік, еркіндік және адам құқықтары біздің басты құндылықтарымыз болып табылады, оларды бүкіл қоғам қорғауға тиіс». Филиал жұмыскерлері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асыра отырып, елді дамыту ісіне өз үлестерін қосуда.Мерекелік іс - шара барысында қатысушыларға тәуелсіз еліміздің негізгі заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған фотоматериалдар ұсынылды (өткізілген жиналыстың фотосуреттері қоса беріледі).