«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Ойнас Эрберт Кузьмич
(1925)
1.Ойнас Эрберт Кузьмич.jpg

        1925 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген. Туған жері: Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Верх – Еловка ауылы. Ұлты эстон. Туыстарының айтуынша, оның отбасы босқындар ретінде Марқакөл өңіріне келген. 1945 жылы шілде айында Эрберт Кузьмичті Марқакөл аудандық әскери комиссариатымен Кеңес әскеринің қатарына шақырылған болатын.
      Мәліметтерге сүйенетін болсақ, осы кездері қысқа мерзімде Қиыр Шығыста әскери операция бастаған, осы жерге Маньчжурия шайқасының қатысушысы Эрберт Кузьмич келіп түсті. Майданнан оралғаннан кейін біраз жылдардан соң Ойнас Эрберт Кузьмич Бұқтырма ГЭС құрылысына түседі, құрылыста жүргізуші болып жұмыс істейді. Отбасы құрып, Серебрянск қаласында қалады. Бұқтырма шлюзінде Ойнас Эрберт Кузьмич 1967 жылдан бастап кезекші автобус жүргізушісі болып жұмыс істеді. Бұқтырма шлюзінде Э.К.Ойнастың жалпы жұмыс өтілі 18 жылды құрады. 1985 жылғы 19 желтоқсанда Эрберт Кузьмич Бұқтырма шлюзінен зейнеткерлікке шықты, сол жылы 23 желтоқсанда Кеңес Одағының фашистік Германияны жеңісінен кейін 40 жыл өткен соң "ІІ дәрежелі Отан соғысы орденін"алды. Ойнас Эрберт Кузьмич 90-шы жылдары қайтыс болды. Серебрянск қаласында жерленген.

Мильц (Лещинская) Софья Едвардовна
(1932)
2.Мильц (Лещинская) Софья Едвардовна.jpg

        Украинада Ивано-Франковск облысында Сваричево ауылында 1932 жылы 2 мамырда дүниеге келді.
        Екі жасында анасы қайтыс болады, оны және ағасын әкесі өсіріп жеткізді. 1941 жылы шілде айының басында ауылға немістер келді, барлық ересек халықты Германияға айдап кетті. Ағасы ауыл атысы кезінде қаза тапты. Ұлы Отан соғысы басталғанда Софья не бары 9 жасқа толды.
         Оккупация 1944 жылдың күзіне дейін созылды, әртүрлі адамдарда тұрды, егістікте және бақшада жұмыс істеді. Соғыстан кейін колхозда трактордың тіркемешісі болып жұмыс істеді. 1948 жылы Николаев қаласына көшіп келіп, жиһаз фабрикасында құрастырушы болып істеді.
       1950 жылы бүкілодақтық құрылыс басталды: Бұқтырма ГЭС құрылысы. Бірінші еріктілер қатарында ол Қазақстанға келді. Софья Едвардовнаның еңбек кітапшасында жазба бар: 1950 ж.-1957 ж. "Цементті жіберуші".
         1974 жылдан бастап 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Бұқтырма шлюзде қызметтік жайлардың тазалаушысы болып еңбек етті. Қазір Бұқтырма шлюзінің құрметті зейнеткері болып табылады. 

Сальникова Валентина Афанасьевна
(1930)
3.Сальникова Валентина Афанасьевна.jpg

          1930 жылы 14 шілдеде Алтай шегінде, Алтай ауданының Нижняя Каянча ауылында өмірге келген.
          Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 ж. маусымынан бастап 1945 ж. мамырына дейін астық жинау кеңшарлрында істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін тыл еңбеккері болып табылады.
       Педагогикалық училищені, мұғалім педагогикалық институтын тамамдады. 1950 жылдан бастап еңбек ете бастады. 1955 жылы Өскемен қ. көшіп келді, № 28, № 13 мектептерде, балабақша тәрбиешісі болып – 9 жыл істеді.
      «Востоксельстрой» трестінің ӨМК құрылыс ұйымында еңбек етті, ӨМК-13 гидроқұрылыстар ауданында – 13 жыл кадр бөлімінің аға инспектор лауазымында, техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып – 3 жыл істеді. Зейнетке шыққаннан кейін Өскемен кеме қатынасы шлюзінің кеме өткізушісі болып 7 жыл істеді.
          Кәсіподақ төрағасы, партия ұйымының хатшысы болып қоғамдық жұмысты жүргізді. Жалпы еңбек өтілі 42 жыл.
         1984 жылы «Еңбек ардагері», ҰОС мерейтой медальдарымен марапатталды.
         Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі.

Никитина Вера Андреевна
(1935-2018)
4.Никитина Вера Андреевна.png

          Туған жері: Ресей, Кемеров облысы, Белово қаласы.
          Соғыс басталған уақытта Вера Андреевна бар-жоғы 6 жаста болы. Вера Андреевна үлкендермен бірге егістікте жұмыс істеді: арам шөп жұлды, масақ терді. Орманда жидектер мен саңрауқұлақ терді.
         Вера Андреевнаның анасы темекіні қолмен жинау, кептірумен айналысты. Темекі бұйымдары жауынгерлер үлесіне енді, оны майданға азық-түлікпен бірге жіберді...
        Кейін Вера Андреевнаның отбасы Новосибирск қ., сонан соң Семей қ. көшті. Су басқаннан кейін, су қоймасынан судың үлкен мөлшерін іске қосқаннан кейін, гидроқұрылыстар ауданын құру кезінде Вера Андреевнаның ерінің ағасы Владимир Никитин басшы болды.
        1959 жылы Вера Андреевна Өскемен қашықтық жолдарына "Алма-Ата" кемесінің матрос лауазымына қабылданды, "Прилив" кемесінде аспаз болып істеді, 1964 жылдың маусымынан бастап Өскемен шлюзінің кеме өткізушісі лауазымына тағайындалды, бұдан әрі - слесарь, қойманың меңгерушісі, аға қоймашы болды, 1990 жылға дейін Өскемен гидроқұрылыстар ауданының қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді. 
        В.А. Никитина 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін «Тыл еңбеккері» мәртебесіне ие.
    Жылдар бойғы ерен еңбегі үшін В.А. Никитина 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы, 70 жылдығы құрметіне мерейтойлық медальдармен марапатталды.