«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

«Гидротехникалық құрылыстар» филиалы бойынша

2020 жылғы навигацияның қорытындылары туралы

    

     2020 жылдың 6 қарашасында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі шлюздерінде навигациялық кезең жабылды.

      2020 жылы навигация кезеңінде орындалды:

      -   Бұқтырма шлюзінде навигация ұзақтығы 191 тәулікті құрады, өткен флоттың 316 бірлігімен 231 шлюздеу орындалды.

       - Өскемен шлюзінде навигация ұзақтығы 184 тәулікті құрады, өткен флоттың 278 бірлігімен 203 шлюздеу орындалды.

        - Шүлбі шлюзінде навигация ұзақтығы 187 тәулікті құрады, өткен флоттың 6 бірлігімен 5 шлюздеу орындалды.

      Қазіргі уақытта шлюздерде навигацияаралық кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде.