Қарттар күні қарсаңында, 2022 жылғы 29 қыркүйекте ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Жоғарғы Ертіс филиалы және «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы «Иван да Марья» шығармашылық ұжымды шақырумен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарада осы филиалдарда 15 және одан да көп жыл жұмыс істеген кәсіпорынның жұмыскерлері - зейнеткерлерге құрмет көрсетілді.