«Қазақстан су жолдары» РМҚК ГТҚФ 16 қазан 2018 жылдан бастап «Тілашар» атты мемлекеттік тілді оқыту бойынша курс жүргізіледі. Курстың мақсаты күнделікті-тұрмыстық тілдесім ретінде мемлекеттік тілдегі қарым-қатынысты дамыту мен қазақша ауызша сөйлеу дағдыларын үйрену болып табылады. Курс мемлекеттік тілді үйренуде алғашқы қадамды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Онда оқытылатын лексико-грамматикалық материалдар сөздік қорды қалыптастырып, жеңіл сөйлемдерді құрастыруға көмектеседі. Осылайша, курсты аяқтаған адам тұрмыстық деңгейде қазақ тілінде қарым-қатынас жасауды үйренеді.