«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

     фото совещания 1.jpg

     2019 жылғы 15 наурызда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қ.К. Нүркеновтің басшылығымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдіктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан су жолдары» РМҚК, көліктік кеме қатынасы компаниялары және басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Ертіс бассейнінде кеме қатынасын дамыту мәселесі бойынша аймақтық мәжіліс өткізілді. 

фото совещани 3.jpg

       Мәжіліс жұмысына Ертіс өзені бойымен одан әрі солтүстік теңіз жолдарына шығатын ҚХР және РФ бағытында жүктерді тасымалдауға қызығушылық білдірген қытайлық компания өкілдері де қатысты.

фото совещания 5.JPG

       Жақын арада мәжіліс қорытындысын Көлік комитеті 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жобасына және Өңірлерді дамыту жоспарларына жүйелі мәселелерді қоса отырып,  жеке жол картасына жинақтап қорытындылайтын болады.