Еңбек күнімен
Жұмысшы кәсібін құрметтеу дәстүрін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын ерте жастан ұғындыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні атап өтіледі.
Қазақстанда осы жаңғыру жолындағы қадамдардың бірі Еңбек күнін белгілеу болды. Осы ретте, бір салада кемінде 10 жыл жұмыс істеген 40 жылдан астам еңбек өтілі бар жұмыскерлер, өзінің еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген өндіріс озаттарына арналған «Еңбек ардагері» төс белгісі бар. Бұл төс белгі өндірістің әртүрлі салаларындағы жұмыскерлерге табыс етіледі.
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, амандық, еңбекте жеміс, сәттілік және мол табыс тілейміз!