Белгілерді орналастыру схемасына сәйкес ұзындығы 603 км «Майтүбек-Павлодар-Төменгі Алексеевский қайраңы (РФ шекарасы)» учаскесінде 1180 белгі, оның ішінде: жағалаулық - 444 дана, қалқымалы - 736 дана белгілер қойылды.
Кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кепілді тереңдікті қолдау және кеме қатынасы жағдайларын жақсарту мақсатында 1100 мың текше метр көлемінде түбін тереңдету жұмыстары орындалды, оның ішінде:
- Майтүбек-Павлодар учаскесінде түбін тереңдету жұмыстары 5 қайраңда орындалды. Жұмыс көлемі 417 525 мың текше метрді құрады;
- Павлодар-Төменгі Алексеевский қайраңы учаскесінде (РФ шекарасы) 11 қайраңда түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Жұмыс көлемі 682 475 мың текше метрді құрады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 7 мамырдан бастап 27 қазан аралығында «Майтүбек-Павлодар-Төменгі Алексеевский қайраңы (РФ шекарасы)» учаскесінде жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 24 қайраңда бастапқы түсірілімдер мен 16 қайраңда бақылау түсірілімдерінің жоспарлары зерттелді және құрастырылды. Арналық түсірілімдердің жалпы ұзындығы 74 км құрады.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде бүкіл учаскеде жолдың кепілді габариттері сақталды:
Майтүбек-Павлодар тереңдігі - 135 см, ені - 50 м, дөңгелектену радиусы - 200 м;
Павлодар-Төменгі Алексеевка қайраңы тереңдігі - 160 см, ені - 50 м, дөңгелектену радиусы - 300 м.
Балық ресурстарына келтірілген зиянды өтеу барысында балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру материалдарын орналастырды, сондай-ақ бағалы балық түрлерінің популяциясын ұлғайту жөніндегі іс-шараларды орындау шеңберінде 2021 жылғы 27 қазанда «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы Ертіс өзеніне 10 мың данадан астам орта есеппен 150 граммдық екі жасар тұқы балықтарын жіберу жұмыстарын жүргізді.
Барлық процесс «Павлодар облыстық Орман Шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.