«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бүгін Балқашқа Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қытайдың және Ресейдің философтары, саясаттанушылары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері келді. Құрметті қонақтардың барлығы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Жібек жолы бойындағы сұхбат» жобасының мүшелері. Халықаралық жобаға қатысушылардың сапары Бектау-Ата тауынан басталды.  Балқаш өңірімен танысуға келген қонақтар Шашубай Қошқарбайұлының мазарына соқты. Гүлшоқтарын қойып,  Арқаның атақты ақынын еске алды. Құран оқып, дұға бағыштады. Шашубай Қошқарбайұлы әнші әрі композитор.  Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, серілік құруға әуестенген.  Арқаның атақты әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алған. Халық ақыны 1952-ші жылы желтоқсан айында 87 жасында көз жұмды. Өзі бұрындары осы маңайдағы Қарашілік деген жерде тұрғандықтан, Бектау атаға барар жолға жерленген.