Азаматтық қызметшілерді аттестаттау
2021 жылдың бірінші тоқсанында «Қазақстан су жолдары» РМҚК-ның «Гидротехникалық құрылыстар», «Кеме қатынасының тіркелімі», «Теңіз навигациялық орталығы», Павлодар, Семей, Орал-Каспий, Жоғарғы-Ертіс филиалдарында азаматтық жұмыскерлер аттестаттаудан өткізілді. Аттестатталған жұмыскерлердің білім деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келді. Пандемияға байланысты аттестаттау, барлық санитарлық-дезинфекциялық нормалар мен маскалық режимді сақтай отырып, онлайн режимде өтті.