Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
1 желтоқсанда біздің еліміз мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Осы күні 27 жыл бұрын бірінші бүкілхалықтық сайлаумен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің президенті болып жарияланды.
Мемлекет басшысы – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Біздің еліміздің өркендеуі, бейбітшілік, жақсылық, Қазақстан азаматтары мен қонақтарына амандық тілейміз.
Құрметпен, «Қазақстан су жолдары» РМҚК ГТҚФ ұжымы.