2022 жылдың 14 желтоқсан күні «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел аясында желтоқсан оқиғасына байланысты бейнеролик көрсетіліп, слайд арқылы 1991-2022 жылдар аралығында Қазақстан қандай жетістіктерге жеткендігі жөнінде ақпарат ұсынылды. Еліміздің 31 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы пікір алмасу болды.