21 қыркүйекте «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалымен «Тіл – достық көпірі» фестивалі өткізіліп, оған филиал қызметкерлері белсенді қатысты. Фестивальға үш ұлт өкілдері: татарлар, ұйғырлар және украиндар қатысты, командалар фестивальға қойылған үш тапсырмаға (сәлемдесу, үй тапсырмасы және «Қол өнері») өте жақсы дайындалды. Сондай-ақ, көрермендермен «Мақал-мәтелдер шашылымы» викторинасы өткізілді.Қазылар алқасы топ мүшелерінің әртістіктерін, белсенділіктерін бағалап, қатысушыларға жүлделер мен сыйлықтар, белсенді көрермендерге ынталандыру сыйлықтарын табыс етті