2022 жылғы 5 қыркүйек күні «Ұлт ұстазы» және Алаш Орда қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын, сондай-ақ Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында «Тілге құрмет - елге құрмет» атты іс-шара өткізілді.
Мұндай іс – шаралар жұмыскерлердің бойында мемлекеттік қазақ және ана тілдерін құрметтеу, ортақ Отанымыз - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді. Еліміздің түрлі этностарының тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге, ақынның еңбектерін зерделеуге және насихаттауға ықпалын тигізеді