«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

1.jpeg
2.jpeg
IMG-20211220-WA0023.jpg
IMG-20211220-WA0025.jpg
IMG-20211220-WA0034.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаевтың Жарлығына сәйкес    «Қазақстан су жолдары» РМҚК бас директоры Уандыков Берик Кусманович мемлекеттік награда «Парасат» орденімен марапатталды.

«Парасат» ордені республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға және молайтуға зор жеке үлес қосқан көрнекті ғылым қайраткерлеріне, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, сондай-ақ адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін беріледі.

Уандыков Берик Кусмановичтің су көлігі саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Салада жұмыс атқарған уақытта Қазақстан Республикасының Сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы заңнамасын жасауға, Ақтау порты мен отандық теңіз флотының инфрақұрылымын дамытуға, теңіз қауіпсіздігінің ұлттық жүйесін құруға елеулі үлес қосты.

Оның басшылығымен 2004 жылы 20 жылдан астам уақыт болмаған Ертіс трансшекаралық өзені бойынша толассыз кеме қатынасын қамтамасыз ететін Шүлбі кеме шлюзінің құрылысы аяқталды, бұл Қазақстан, Ресей Федерациясы және Қытай арасындағы жүк тасымалының дамуына серпін берді, ал 2018 жылы Шүлбі шлюзінің кеме қатынайтын гидротехникалық қорғаныс құрылысы салынды.

Уандыков Б.К. - техника ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының «Заманауи технологияларды енгізу мәселелері» бөлімі бойынша шетелдік мүшесі, Гидротехникалық құрылыстарды басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы саласындағы 200-ден астам ғылыми жарияланымдар мен мақалалардың авторы.

Қазіргі уақытта Берик Кусманович кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде 3 бірегей кеме шлюздерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жаңа цифрлық технологияларды белсенді енгізуде - Жоғарғы Ертіс су қоймалары құламасы ГЭС-пен тең дәрежеде               50 текше километрден астам суды ұстап тұр.

Оның жоғары кәсібилігі мен жұмыстағы жүйелі көзқарасы өскелең ұрпақ үшін жарқын үлгі болып табылады. Бұл жоғары мемлекеттік награда - өз елінің нағыз патриоты ретіндегі біздің мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесін бағалау.

«Қазақстан су жолдары» РМҚК ұжымы Берик Кусмановичті жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды, зор денсаулық, амандық және алдағы кәсіби қызметіне табыс тілейді.