2026 жылғы 8 маусымнан бастап 14 маусым аралығында Орал-Каспий филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
2026 жылғы 8-14 маусым аралығында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал-Каспий филиалы кеме қатынасы жағдайын жақсарту және кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында навигациялық жабдықтарды орнату (алу) және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ кеме жүретін жолдардың тереңдігі мен енін анықтау жұмыстарын жүргізді. Іс-шаралар келесі қызмет көрсетілетін учаскелерде орындалды: Орал өзені (Кривостарицкий ярынан Төменгі Барбастау ярына дейін), ұзындығы - 43 км; Орал-Каспий каналы (Атырау қаласының орталық автомобиль көпірінен кіру буйына дейін), ұзындығы - 56 км; Қазақстан Республикасының аумағындағы Қиғаш өзені (Еділ өзенінің тармағы), ұзындығы – 41 км.