«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

2026 жылғы 25 мамырдан бастап 31 мамыр аралығында Орал-Каспий филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

          Кеме қатынасы жағдайын жақсарту, кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал-Каспий филиалы 25.05.2026 ж. – 31.05.2026 ж. кезеңінде келесі қызмет көрсетілетін учаскелерде: ұзындығы 43 км Орал өзенінде (Кривостарицкий ярынан Төменгі Барбастау ярына дейін); ұзындығы 56 км Орал-Каспий каналында (Атырау қ. орталық автомобиль көпірінен кіреберіс буйға дейін) және Қазақстан Республикасының аумағындағы ұзындығы 41 км Қиғаш өзенінде (Еділ өзенінің тармағы) навигациялық жабдықтарды орнату (алып тастау) және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ кеме жолдарының тереңдігі мен енін анықтау жұмыстарын жүргізді.

           Орал «Зенит» зауыты» АҚ шығарған әскери кемені сүйреген керуен Жайық өзені арқылы Оралдан Атырауға дейінгі өткелді сәтті аяқтады. Кемелер құрамы Каспий теңізіне дейін одан әрі сүйреп апаруға дайындалу үшін 2026 жылғы 31 мамырда межелі жерге жетті.