2026 жылғы 20 шілдеден бастап 26 шілде аралығында Орал-Каспий филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
Кемежүргізу жағдайларын жақсарту, кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал-Каспий филиалы 2026 жылғы 20 - 26 шілде аралығында арналық ізденістер жүргізді. Орал өзенінің қызмет көрсетілетін учаскесіндегі Кривостарицкий ярынан Төменгі Барбастау ярына дейінгі Жоғарғы Круглоозерный қайраңына бақылау түсірілімі, сондай-ақ Орал-Каспий каналының теңіз бөлігіндегі учаскеге алдын ала түсірілім жасалды.