2026 жылғы 18 мамырдан бастап 24 мамыр аралығында Орал-Каспий филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
Кеме қатынасы жағдайын жақсарту, кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал-Каспий филиалы 18.05.2026 ж. – 24.05.2026 ж. кезеңінде келесі қызмет көрсетілетін учаскелерде: ұзындығы 43 км Орал өзенінде (Кривостарицкий ярынан Төменгі Барбастау ярына дейін); ұзындығы 56 км Орал-Каспий каналында (Атырау қ. орталық автомобиль көпірінен кіреберіс буйға дейін) және Қазақстан Республикасының аумағындағы ұзындығы 41 км Қиғаш өзенінде (Еділ өзенінің тармағы) навигациялық жабдықтарды орнату (алып тастау) және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ кеме жолдарының тереңдігі мен енін анықтау жұмыстарын жүргізді.