«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

2026 жылғы 12 қаңтардан бастап 18 қаңтар аралығында Семей филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

          Жұмыскерлерді адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі, ішкі су жолдарын дамытуға және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестері үшін көтермелеу мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалында «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісін тапсыру бойынша салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында Семей филиалының 18 жұмыскері төсбелгімен марапатталды.
          Төсбелгілерді табыс ету салтанатты түрде өтті. Филиал басшылығы марапатталғандардың көп жылдық жұмыс өтілін, кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін, жауапкершілікті, флоттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және кеме қатынасының қауіпсіздігіне қосқан үлестерін атап өтті. Аталған іс-шараны өткізу су көлігі мамандықтарының беделін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға және «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалы персоналын ынталандыруға ықпал етті.