«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жаңалықтар

2026 жылғы 02 наурыздан бастап 08 наурыз аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

          5 наурыз күні ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық қозғалысының жетекші тұлғаларының бірі, көрнекті саясаткер, қоғам қайраткері, журналист әрі публицист, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толды.
          Осы атаулы күнге орай «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында «Әлихан Бөкейхан – Алаштың ардақтысы» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында жұмыскерлер Ә. Бөкейханның өмір жолы, отбасы туралы көптеген мағлұмат алды.
          Осы күні филиал қызметкерлері Семей қаласындағы «Алаш арыстары» – М. Әуезов» музейіне барып, «Алаш арыстары» залын аралап қайтты. Бұл – «Алаш» қозғалысының тарихына арналған егемен Қазақстан тарихындағы алғашқы музей. Зал ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысының қайраткерлері Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. өмірі мен қызметіне арналған және олардың фотосуреттері, баспасөздегі жарияланымдары, жеке заттары мен хаттары қойылған.