2025 жылғы 31 қаңтар аралығында Павлодар филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы "көліксіз күн" - бұл жеке автокөліктерден бас тарту есебінен ауаның ластануын азайтуға бағытталған республикалық челлендж. Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында челлендж өткізілді, онда филиал қызметкерлері күні бойы жеке автокөлікті пайдаланбай, қоғамдық көлікте немесе жаяу жұмысқа келді. Іс-шараның мақсаты: экология мәселелеріне назар аудару және елдегі ауа сапасын жақсартуға ықпал ету.