2025 жылғы 06 қазаннан бастап 12 қазан аралығында Орал-Каспий филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
Кеме қатынасы жағдайларын жақсарту, кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан су жолдары" РМҚК Орал-Каспий филиалы 06.10.2025 ж. – 12.10.2025 ж. аралығында навигациялық жабдықтарды қою (алу) және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізді. Қызмет көрсетілетін учаскелердегі кеме жүрістерінің тереңдігі мен енін анықтау: Орал өзені, Кривостарицкий жарынан Н. Барбастау жарына дейін ұзындығы 43 км., Атырау қаласынан Орал-Каспий каналы, орталық автомобиль көпірі, кіреберіс буйға дейін ұзындығы 56 км және Қазақстан Республикасының аумағындағы Қиғаш өзенінде (Еділ өзенінің жеңі) ұзындығы 41 км.