2025 жылғы 04 тамыздан бастап 10 тамыз аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
7 тамыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы мен Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты әдеби квиз өткізді. Квиздің мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.
Аталған іс-шара қаладағы мекемелер мен ұйымдар арасында өткізілді. «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалынан да команда қатысып, жүлделі 2-орынды иеленіп, грамота мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Абай мұрасы, Абай ақылы біз үшін қастерлі құндылық. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев айтқандай, «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді».