2024 жылғы 26 тамыздан бастап 01 қыркүйек аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
29 тамыз күні «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» атты іс-шара өтті.
1995 жылы бүкіл халықтық референдуммен қабылданған 95 баптан тұратын Қазақстан Конституциясына барлығы 6 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 9 бөлімнен, 99 баптан тұрады.
Іс-шара барысында филиал жұмыскерлері ҚР Конституциясы тарихымен тағы да танысып, енгізілген өзгерістер туралы пікір алмасты.