2024 жылғы 24 маусым мен 30 маусым аралығында Семей филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
            Уылдырық шашу кезеңі аяқталғаннан кейін жұмыс кестесіне сәйкес, Семей филиалының техникалық флоты түпті тереңдету және түзету бойынша жұмыстарға кірісті. 
          «Иртышский-252» жерснаряды Төменгі Жаңасемей қайраңында түпті тереңдету жұмыстарын аяқтады. 
          «Иртыш-2501» жерснаряды Тихомир затонының сағасында түпті тереңдету жұмыстарын аяқтады. 
          «КПЛ-62» жүзбелі краны Тихомир затонының сағасында түзету жұмыстарын орындауда.