2024 жылғы 21 қазаннан бастап 27 қазан аралығында Павлодар филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
Балық ресурстарына келтірілген зиянды өтеу шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберу, сондай-ақ балықтың түрлерінің популяциясын ұлғайту жөніндегі іс-шараларды орындау барысында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының қызметкерлері 2024 жылғы 23 қазанда Жаңаауыл ауылы ауданында Ертіс өзеніне орташа салмағы 2 килограмм, 790 дана екі жылдық сібір бекіресі жіберілді. Барлық процесс «Ostifish» ЖШС, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.