2024 жылғы 11 наурызнан бастап 17 наурыз аралығында
Семей филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
1. Семей филиалымен наурыз айында жоспарланған кемелердегі ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Жұмыс кеме жөндеу кестесіне сәйкес жүргізілуде.
2. Семей филиалымен лоцмандық карталарды түзету жүргізілуде.
3. Семей филиалының ЖМҚ шеберханасының аумағында және затонның су аумағында кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бөлімімен қысқы тұрақта жөндеуде тұрған кемелерде өртті болдырмау бойынша нысандық оқулар жүргізілді. Оқуларға қысқы кеме жөндеуді жүзеге асыратын жүзу құрамынының мүшелері және ЖМҚ жұмыскерлері, сонымен қоса МТЗ 82-1А тракторы жұмылдырылды. Лаулауды сөндіру нысаны түпті тереңдету «Иртышский-252» жерснаряды болып табылады. Лаулауды анықтаған кезде ЖМҚ аумағы бойынша дыбыс сигнализациясы мен «қатты» байланыс селекторын пайдаланумен жалпы дабыл хабарланған болатын. Электртехникалық қызметінің жұмыскерлерімен кеме жағалық электр қуат көздерінен өшірілген болатын. Нысанды сөндіру ЖМҚ жұмыскерлерімен трактор арқылы жағалық өрт постынан жеткізілген көшпелі өрт бензиндік мотопомпы көмегімен «Иртышский-252» жерснаряды командасының мүшелерімен жүргізілді. Лаулауды анықтаудан оны жойғанға дейінгі уақыт 8 минут. Метеожағдай қолайсыз – жел жаңбырмен.