«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2024 жылғы 05 тамыздан бастап 11 тамыз аралығында Павлодар филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

          «Көлік қызметкерлері күнін» мерекелеу құрметіне орай жоғары кәсіби шеберлігі үшін, су көлігінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, еңбек қызметіне жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен қарағаны үшін «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар филиалы бойынша:
          1. Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен:
          ведомстволық награда «Еңбек ардагері» медалімен - Люст Виктор Иосифович, «Метель» теплоходы капитанының бірінші көмекшісі-механиктің бірінші көмекшісі-жол шебері;
          мемлекеттік награда «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен -Сатыбалдин Бауржан Талгатбекович, «Бриз» теплоходы капитанының екінші көмекшісі-механиктің екінші көмекшісі;
          2. Кәсіпорынның бас директорының алғыс хатымен:
          - Аубакиров Нариман Оразович, «Пурга» теплоходының капитаны;
          - Певнев Александр Геннадьевич, жөндеу-механикалық қызметтің инженер-механигі;
          - Тугумбаев Данат Булатович, жолды пайдалану қызметінің жоғарғы учаске бастығы.
          - Чекловец Александр Александрович, «Малайсары Тархан» теплоходы капитанының бірінші көмекшісі-механиктің бірінші көмекшісі-жол шебері марапатталды.