2024 жылғы 04 қарашадан бастап 10 қараша аралығында Орал-Каспий филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп:
Орал-Каспий филиалы жұмысының негізгі көрсеткіші қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету, апатсыз болуы болып табылады .
Кемелер мен құрамдардың қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылғы 4 қарашадан 10 қарашаға дейін "Қазақстан су жолдары" РМҚК Орал-Каспий филиалы қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде Орал-Каспий каналында және Қиғаш өзені бөлігіне навигациялық жабдыққа қызмет көрсетуді жалғастырды.