2024 жылғы 01 шілде мен 07 шілде аралығында «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалындағы іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп
Ұлттық домбыра күні ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 маусымда Жарлығымен бекітілген және жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бүгін «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында осы мерекеге байланысты «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты өнер сағаты өтті.
Іс-шарада домбыра аспабы, тарихы және құрылысы туралы әртүрлі көздерден алынған ақпараттар ұсынылды. YouTube арнасынан күй тартысты тыңдап, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып жасалған алтын домбыраның әдемі әуенін тыңдады.