2023 жылғы 28 тамыздан бастап 03 қыркүйек аралығында
«Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында өткен іс-шаралар туралы ақпарат
Мемлекеттік мереке қарсаңында - Казақстан Республикасының Конституция күніне ағымдағы жылдың 29 тамыз күні филиалда «Бүгін – Конституция күні» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды.
Іс–шара барысынды Конституция ұғымы, Конституцияның тарихы, қабылдануы, құрылымы, соңғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат берілді. Іс-шара соңында қатысушылар Ата заңның маңыздылығы төңірегінде өзара пікір алмасты.