«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2023 жылғы 09-15 қазан аралығында
ЖЕФ өткен іс-шаралары туралы ақпарат

           Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғарғы-Ертіс филиалы жыл сайын су айдындарын балықтандыру бойынша іс-шаралар өткізеді.
           2023 жылы Шүлбі су қоймасын 31415 дана тұқы балықтарымен балықтандырды.
           Балық аулау Азов ауылының айлақ ауданында 2023 жылғы 17 ақпандағы №30.3-03-09/177-И «ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ қорытындысы бойынша «РХ ҚазҰПО» ЖШС Алтай филиалының ұсынымдарына, ҚР АШМ 2015 жылғы 14 қазандағы №18-05/928 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған жол жұмыстарының жобасына және «Су объектілерін балықтандыру, балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына» сәйкес жүргізілді.