2019 жылғы 15 ақпанда «Қазақстан су жолдары» РМҚК өкілдері Семей қ. Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің білім басқармасы «Көлік колледжі» КМҚК өткізіп отырған су саласы мамандықтары студенттерінің тәжірибелік білім алуын қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік серіктестіктермен кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында орталық аппараттың ұйымдастыру-кадр жұмыстары басқармасының бастығы – кадр жөніндегі бас инспекторы Ж.Б. Сергазина, Семей филиалы директорының жол жұмыстары жөніндегі орынбасары В.М. Рубцов, Жоғарғы Ертіс филиалының екінші учаскені пайдалану қызметінің бастығы М.Г. Щербинин, Павлодар филиалының төменгі учаскені пайдалану қызметінің бастығы С.Е. Костарева сөз алды, олар өз кезектерінде кәсіпорынның қызметі жөнінде, оның мақсаттары мен міндеттері және даму перспективалары жайлы баяндады. Студенттерге жергілікті білікті мамандарға деген қажеттілік туралы ақпар айтылып, кәсіпорындағы бос лауазымдар мен колледж түлектерін жұмысқа қабылдау мүмкіндігі жайында мәлімет берілді.
2018 жылғы навигация кезеңінде кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өту барысында ерекше көзге түскен колледж тәлімгерлері грамоталармен марапатталды.