«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда бес мемлекет басшыларының қатысуымен Бесінші Каспий саммиті өтті
2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда бес мемлекет басшыларының қатысуымен Бесінші Каспий саммиті өтті
13 сентября 2018, 15:15
545
    2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда өткен  Бесінші Каспий саммитіне  Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.
    Бес мемлекет көшбасшыларының бәтуаластық және барлық тараптардың мүдделерін өзара есепке алу негізінде тұжырымдалған базалық халықаралық шартқа-Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюы жоғары деңгейдегі кездесудің басты оқиғасы болды.  Осы негіз қалаушы құжат заманауи талаптарға сай келетін және жағалау маңындағы елдердің жан-жақты өзара іс-қимылын одан әрі қарқындатуға бағытталған Каспий теңізінің жаңа құқықтық режимін құрады.
    Саммит шеңберінде Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасында көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
     Құжат халықаралық көліктік-логистикалық хаб ретінде каспий аймағын дамыту және  қатысушылар арасындағы сауда-саттық көлемінің өсіру  негіздерін қалайды.
    Мәселен, келісім теңіз, автомобиль, темір жол, әуе және мультимодальдық тасымалдарды   одан әрі дамытуды көздейді. Құжат   тұрақты кеме қатынасын, оның ішінде круиздік кеме қатынасын дамыту бойынша, интеллектуалды көлік жүйесін еңгізу, тартымды тарифтік жағдайларды әзірлеу, алдын-ала хабарландыру тетіктерін қолдану, кадр әлеуетін дамытуда тәжірибе алмасу бойынша және  басқа мәселелер бойынша шаралар қабылдауды болжайды.
    Каспий теңізінің казақстандық секторында Теңіз навигациялық орталығы қойылған міндеттеріне сәйкес КҚБЖ қызметінің аумағындағы теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, порт жұмысының және кеме қатынастарының тиімділігін арттыру, теңізде өмір сақтау және қоршаған ортаны қорғауда көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді.