ААААҚұрметті ханымдар мен аяулы арулар!
ААААСіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
ААААСіздер баршаға үлгі, жарқын істердің бастаушысы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын тірегісіздер. Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда сыйлы, сүйікті, қадірлі жандарсыздар.
ААААОсынау Көктем, Махаббат және Сұлулық мерекесінде сіздерге жылы жүректеріңіз бен сарқылмас төзімдеріңіз үшін алғыс айтамыз.
ААААКөктемнің шуақты күні сіздерге құшақ-құшақ гүл, шат күлкілер, жақындарыңыздың жан жадыратар тілектері мен қуанышты кездесулер сыйласын. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз!
Құрметпен «Қазақстан су жолдары» РМҚК ұжымы