«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

20-21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Қамашұлы Нүркенов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барып, «Қазақстан су жолдары» РМҚК және кәсіпорынның Семей, «Кеме қатынасы тіркелімі», Жоғарғы Ертіс, «Гидротехникалық құрылыстар» филиалдарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қ.Қ. Нүркенов қызметкерлерді мемлекеттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімін өткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты, мінсіз жұмысы және кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының директоры Александр Михайлович Семеновке «Ерең еңбегі үшін» медаль мемлекеттік наградасы берілді»;

- «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды:

Нагих Елена Николаевна, Шүлбі шлюзі бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;

Одорченко Алексей Владимирович, Жоғарғы Ертіс филиалының бірінші учаскесінің жолды пайдалану қызметінің инженері.

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

Андреев Роман Васильевич, «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының Бұқтырма шлюзінің бастығы;

Бессонов Михаил Вячеславович, Жоғарғы Ертіс филиалының Н - 2 баржасының аға шкипері;

Ахметов Марат Қырықбайұлы, «Кеме қатынасы тіркелімі» филиалы палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау бөлімінің инженері.

Кездесу барысында ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін дамыту, сондай-ақ жүк тасымалдау перспективалары талқыланды.

2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы кәсіпорын бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А.А. Тоцкихтың, Семей филиалының директоры А. В. Гречкиннің, «Кеме қатынасы тіркелімі» филиалының директоры Д. Р. Таиповтың, Жоғарғы Ертіс филиалы директорының жол жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. А. Ожеговтың баяндамалары тыңдалды, сондай-ақ кеме қатынасы шлюздерінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының директоры А.М. Семенов баяндады.

Сондай-ақ, Қайриден Қамашұлы Шүлбі, Өскемен, Бұқтырма кеме шлюздеріне барып, шлюздерді қарап шықты, өндіріс озаттарын атап өтіп, шлюздер бастықтары С. Н. Сафоновтың, Р. В. Андреевтің және А. А. Волковтың жұмыс қорытындылары бойынша есептерін тыңдады.

Сонымен қатар, еңбек ұжымдарына 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауына қатысудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы сөз қозғады.

DSC_0048.JPG

IMG_0034.JPG

IMG_0042.JPG

IMG_0057.JPG

IMG_0063.JPG

IMG_9569.JPG

IMG_20201221_091525.jpg

WhatsApp Image 2020-12-22 at 10.36.41.jpeg