«Қазақстан су жолдары» РМҚК және Қытай Халық Республикасы өкілдері серіктестік мәселелерін талқылады
10 октября 2018, 15:44
552
2018 жылғы 04 қазанда Павлодар қаласында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Қытай Халық Республикасы өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Қарамай қаласы әкімдігінің қаржы басқармасы және «Халықаралық ресурстар және Синьцзянн Иэр дамуы» АБҚ, Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасы және «Павлодар өзен порты» АҚ басқармасы басшылығымен келіссөздер жүргізіліп, трансшекаралық Ертіс өзені бойымен тасымалды ұйымдастыру мәселелері және серіктестіктің алғышарттары талқыланды.