Балалар жылы шеңберінде және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалының жұмыскерлері Семей қаласының №3 бөбек үйіне барып қайтты. Семей филиалы жұмыскерлерінің бастамасы бойынша балалар үйіне балалар тағамы, жаялықша, ойыншықтар және кеңсе тауарлар түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Жұмыскерлер балаларды мейрамдарымен құттықтап, оларға сыйлық сыйлады және тәтті сыйлықтарды тарту етті.