«Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал филиалында 2018 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» тақырыбында шара өтті
17 октября 2018, 10:36
606
«Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал филиалында 2018 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» тақырыбында шара өтті. Аталмыш шараның міндеті: мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты арттыру, халықтың мәдени мұрасын тану арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс шараға «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал филиалының қызметкерлері белсене ат салысты.
Шара барысында қызметкерлер екі тілде өлеңдер оқып, «Өзім туралы», «Менің қалам» тақырыптарында шағын шығармалар жазды.